Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліАқтауда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылып, Ақтау қаласы аумағында және теңіз жағалауы толықтай қоқыстардан тазартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сенбілікке 600-ға жуық адам қатысып, 30 техника жұмылдырылып, 15 тонна қоқыс шығарылды. Сонымен қатар 12 -шағынаудандағы Тобанияз ескерткішінің маңында 40 - қа жуық адам қатысып, 50 түп ағаш отырғызылды. Маңғыстау облыстық туризм басқармасының басшысы Ерсін Ибрашев қызметкерлерімен бірге сенбілікке белсене атсалысты.
Бұл іс-шара тек экологиялық мәселелерді шешумен ғана шектелмей, қоғамдық сананы да көтеруге ықпал етеді. Бүгінгі тазалық жұмыстарының әсерінен жергілікті табиғатқа деген құрмет пен қамқорлық артады, - дейді Ерсін Ибрашев.
Сондай ақ, «Green City Aktau» ЖШС мекемесінің қызметкері Дәмекен Ерназарқызы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдайды.
Қоршаған ортаға деген жауапкершілік тек мемлекеттік немесе ұйымдық деңгейде ғана емес, әрбір азаматтың күнделікті іс-әрекетінде де көрініс табуы тиіс, - дейді Дәмекен Ерназарқызы.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс