Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАқтауда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Әскери-теңіз күштерінің сүңгуір қызметі жаппай сенбілікке шықты. Акция барысында сүңгуірлер Каспий түбін тазалады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Су астын тазалауға үш сүңгуір қатысып, 10-15 метр тереңдіктегі теңіз түбінен 250 шаршы метр аумақты қоқыстан тазалап шықты.
29011 әскери бөлімі сүңгуір қызметінің бастығы Сайран Әбдікәрімовтің айтуынша, соңғы рет теңіз түбін тазарту кезінде 10 қап қоқыс жиналса, бұл жолы 12 қапшық қалдық шығарылды.
Негізінен бұл пластик, полиэтилен пакеттер, бөтелкелер мен темір-терсек. Тұрғындардан теңізде тазалықты сақтауды және демалыста суға қоқыс тастамауды сұраймыз, - деді ол.
Әскери қызметшілер тазалау акцияларын тұрақты негізде қолдауға дайын екендіктерін жеткізді.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары