Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліАқтауда 21 жастағы Валерия Шалнованы зорлап, өлтірген күдіктіге сот үкім кесті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған соты сотталушыны 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуге үкім шығарды.
Қайтыс болған қыздың туыстарының айтуынша, айыпталушы өз кінәсін ақыры мойындамаған. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, 21 жастағы ақтаулық спортшы қыздың денесі былтыр 2 шілдеде табылған болатын. Марқұмның туыстары Валерия Шальнова суицид жасады дегенге сенбеген. Қоғамдық наразылықтан кейін полиция бұл істі «Кісі өлтіру» деп өзгертті.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс