Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрМаңғыстауда демалыс күндері күндері алғаш рет шинкиокушинкай каратэден жастар мен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Қоғамдық Коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы бұқаралық спорт бөлімінің басшысы Еркін Орынбасаров мәлімдеді. Оның айтуынша, жарысқа 17 облыс, 3 қаладан 600-ге жуық спортшы қатыспақ.
Біздің облысымызда каратэ шинкиокушинкай спорт түрі қарқынды дамуда. Осы чемпионат аясында біз жастарымызды спортқа тартып, олардың физикалық және рухани өсуіне барлық жағдайды жасап жатырмыз. Өңір үшін, спортшылар үшін ауқымды сайыс болмақ, - деді Еркін Орынбасаров.
Республикалық каратэ шинкиокушинкай федерациясының президенті Болат Бақтаевтың мәліметінше, ҚР чемпионатының жеңімпаздары әлемдік додаға жолдама алады.
ҚР чемпионатын өткізудегі басты мақсат - жастар арасында каратэ спорт түрін кеңінен тарату, спортшылардың бір-бірімен тәжірбие алмасуына жағдай жасау, сондай-ақ, әлемдік додаларда ел намысын қорғайтын спортшыларды іріктеу. Дүбірлі додада жеңімпаз атанғандар Әлем чемпионатына жолдама алатын болады. Сондықтан, барша қатысушыларға сәттілік тілеймін, - деді Болат Бақтаев.
Маңғыстау облысының каратэ шинкиокушинкай федерациясының президенті Мұрат Сыдықов ҚР чемпионатына өңірден қанша спортшы бақ сынайтынын айтты.
Аталған сайыста облыс атынан 97 спортшы қатысады. Олар тыңғылықты дайындалды. Үмітіміз зор. Жалпы барлығы 20 команда бақталасқа түседі, - деді Мұрат Сыдықов.
Маңғыстау облысының каратэ шинкиокушинкай федерациясының әйелдер және ересектер құрама командасының аға жаттықтырушысы Берекет Нұрбаевтың айтуынш, өңір спортшылары 2 жаттығу жиынын өткізген.
Біріншісі Көкшетау қаласында, екіншісі Ақтау қаласында оқу-жаттығу жиыны болды. ҚР чемпионаты 56 салмақ дәрежесінде өтеді. Спортшыларымыз сақадай сай. Маңғыстау өңірі командалық есепте үздік үштіктің қатарына кіреді деген сенімдемін, - деді Берекет Нұрбаев.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова