Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАқтауда тазалық пен қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында «Таза Ақтау» атты жаңа экологиялық жоба басталды. Бастама қала тұрғындарына қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, тазалықты сақтауға үндеуді көздейді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы otpannews.kz-ке сілтеме жасап.
Жобаны Ақтау қалалық әкімдігі қолға алып, қалалық прокуратура мен полиция басқармасымен бірлесе жүзеге асырып жатыр. Басты мақсат – қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін арттырып, қоғамдық орындарда тазалықты сақтау деңгейін көтеру.
«Таза Ақтау» аясында қоғамдық бақылау жүйесі іске қосылып, қоқыс тастау деректері бұқаралық ақпарат құралдары және бейнебақылау арқылы бақылауда болады. Жоба аясында құқық бұзушыларға ескерту жасалып, қажет болған жағдайда заң аясында шара қолданылатыны хабарланды.
Қаланың тазалығы тек коммуналдық қызметтің емес, әрбір тұрғынның жауапкершілігі екенін еске сала отырып, барша ақтаулықтарды және қала қонақтарын тазалықты сақтауға, қоғамдық орындарды таза ұстауға шақырамыз, - деді Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің маманы Жантілек Асхатов.
Жаз басталғалы бері Ақтауда жаңа аялдамалар орнатылған еді.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек