Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАқтау қаласында Қазақ-неміс инжиниринг институтын құру бойынша жұмыс жүргізілуде, деп хабарлайды Еl.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақ-неміс инжиниринг институтын биылғы жаңа оқу жылынан бастап логистика және энергетика мамандықтары бойынша студенттерді қабылдап, ағылшын, неміс тілдерінде оқыта бастайды. Білім алушылар 8 бакалавриат, 6 магистратура мамандықтары бойынша қос дипломға және үш дипломға ие болады. 2030 жылға дейін мың студентті оқытып, облыстағы Green Hydrogen жобасына қажетті кадрлар дайындап шығару жоспарланды.
Бұл туралы Yessenov University-де өткен «Маңғыстаудың тұрақты дамуының инженерлік бағыттағы Қазақ-Неміс серіктестігі» такырыбында дөңгелек үстелде айтылды.
Маңғыстау облысының әкімі, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілі, DEAD, SVEVIND және басқа да университет серіктестері қатысқан дөңгелек үстелдің мақсаты – перспективаларды анықтау және үздік неміс тәжірибесін енгізу; экономика қажеттіліктерін ескере отырып, сапалы инженерия мамандарын даярлаудың өзектілігін талқылау. Сонымен қатар Германия жоғары oқy орындары мен Yessenov University кәсіби және мәдени ынтымақтастығын нығайту көзделіп отыр.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары