Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАқтауда ауыр құқық бұзушылықтарға қатысы бар үш азамат құрықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы облыстық прокуратураның үйлестіруімен ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті қызметкерлерімен бірлесіп жедел іс-шаралар жүргізді. Нәтижесінде Ақтау қаласында үш тұрғын ұсталды.
Ұстау кезінде жүргізілген тінту барысында төмендегілер тәркіленді: травматикалық “ОСА” тапаншасы, оқтығы кесілген атыс қаруы, 16 калибрлі 3 оқ-дәрі, сондай-ақ синтетикалық есірткі заты салынған бір түйіншек.
Сонымен қатар олардың қорқытып алу, атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды заңсыз сақтау және тасымалдау, алаяқтық, зорлық әрекеттері және есірткі тасымалдау деректеріне қатысы бары анықталды. Қазіргі уақытта ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынып, аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады