12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікМаңғыстау облысында полицейлерді «қоқыс» деп атап, видеоны TikTok-қа жүктеген жасөспірімге сот үкім шығарды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған жасөспірімді нөмірсіз мотоцикл мінгені үшін тоқтатқан. Осы кезде жасөспірім полицейлерді қорлап, бәрін телефонына түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған.
Мемлекеттік айыптаушы оған 30 сағат қоғамдық жұмысқа тарту түрінде жаза кесуді сұрады. Жәбірленуші полицей де оны қолдады. Жасөспірім кінәсін толық мойындап, кешірім сұрады және соттан өкінішін ескеруді өтінді. Қорғаушы да жазаны жеңілдетуді сұрады.
Сотта оның кінәсі видеожазбамен, өз мойындауымен, жәбірленушінің айғақтарымен, сондай-ақ психологиялық-филологиялық және психиатриялық сараптама қорытындысымен дәлелденгені айтылды. Сот жасөспірімнің жасын, соттылығының жоқтығын және өкінішін жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді. Ауырлататын факторлар анықталған жоқ.
Кәмелетке толмаған бала ҚР ҚК 378-бабының 2-бөлігі («Билік өкіліне тіл тигізу») бойынша кінәлі деп танылып, 30 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды.
Бұған дейін жасөспірім мотоциклді тәркілеу кезінде полицейлерді «қоқыс» деп қорлағаны, кейін камера алдында кешірім сұрағаны хабарланған болатын.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер