Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАқтауда 2026 жылғы Өңірлік экологиялық саммитке дайындық аясында Орталық Азия елдерінің экологиялық ведомстволары басшыларының кездесуі өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Іс-шараға ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Қоршаған ортаны қорғау комитетінің төрағасы Баходур Шерализода, Өзбекстан Республикасының Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрі Азиз Абдухакимов, БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча, БҰҰ ЕЭК Тұрақты энергетика комитетінің директоры Дарио Лигутти, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Катаржина Вавьерня қатысқан.
Қырғыз Республикасы Табиғи ресурстар, экология және техникалық қадағалау министрінің орынбасары Асель Раимкулова жиынға онлайн форматта қатысты. Сонымен қатар, Әзербайжан Президентінің климат мәселелері жөніндегі арнайы өкілі әрі COP29 Президенті Мұхтар Бабаев жиналғандарға бейнеүндеу жолдады. Басқосуда тараптар 2026 жылғы Өңірлік экологиялық саммит тұжырымдамасының жобасын, көрме мазмұнын және жаңартылған тұжырымдама аясындағы өңірлік бастамаларды талқылады.
Кездесу аясында қатысушылар ӨЭС 2026 бағыттары бойынша ұйымдастырылған жасыл стартаптар көрмесіне қатысты. Аталмыш көрме - Орталық Азия елдері экология министрлерінің кездесуіне орай 2026 жылғы Өңірлік экологиялық саммит тұжырымдамасын бекітуге арналды.
Ерлан Нысанбаев өңірлік бастамаларды жүзеге асыру және тәжірибе алмасу үшін күш біріктіруді ұсынды. Бұл өз кезегінде Орталық Азияның экологиялық жағдайын жақсартуға ықпал ететінін атап өтті.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады