23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?«ҚазТрансОйл» АҚ нысандарында кезекшілік атқаратын «Зевс Энерго» ЖШС қызметкерлері жалақыны көтеруді талап етіп, үндеу жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Компания 2022 жылдың қазан айынан бастап жасалған шарт негізінде нысандардағы өртті сөндіру және алдын алу бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ-ға қызмет көрсететінін хабарлады.
Еңбек шартына сәйкес барлық қызметкердің жалақысы тапсырыс берушінің есебіне байланысты төленеді. «Зевс Энерго» ЖШС мен қызметкерлері арасында жасалған еңбек шарттары шеңберінде қызметкерлерге мынадай міндет қойылған:
- өзінің лауазымдық міндеттерін адал, сапалы, уақтылы және жоғары кәсіби деңгейде атқару;
- жұмыс берушінің еңбек тәртібі мен ішкі еңбек тәртібі қағидаларының талаптарын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және жұмыс орнындағы өндірістік санитария жөніндегі нормалардың, қағидалар мен нұсқаулықтардың талаптарын сақтау, - деп жазылған компания хабарламасында.
Сондай-ақ компания «Зевс Энерго» ЖШС техникалық директоры бастаған комиссия қызметтік тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеп отыр.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік