Ақтаудағы жалпы білім беретін мектептердің бірінде бухгалтер 76 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық прокуратура мәліметінше, мектептің бас бухгалтері үш жыл бойы өзіне артық жалақы аударып келген. Тергеу барысында аталған мектептің есепшісі кінәсін толықтай мойындады.
Оқи отырыңыз:
Сот үкімімен кінәлі адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету) бойынша 5 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды, - делінген мәліметте.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.