Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАқтаудың бойтұмары мен визит картасына айналған «Маяк» шамшырағы қайта қосылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда аталған нысанды дамыту бойынша жоспарлар әзірленіп жатыр. Тұрғын үйдің төбесінде ерекше нысан «Маяк» шамшырағы күн сайын түнде жанып тұрады.
Тұрғын үй төбесіне шамшырақ орнату әлемде тұңғыш рет 1974 жылы Ақтауда іске асырылған болатын. Жарық беретін белгілер «Меловой» мүйісінде 7,5 метр, ал теңіз деңгейінен 73 метр биіктікте, тұрғын үйдің 11 қабатында орналасқан. Мұнараның жалпы биіктігі 10 метр. Нысан құрылысы 8 қырлы конструкциядан тұрады. Құрылымның ерекшелігі мен беріктігі соншалық, нысан әлі де бұрынғы қаз-қалпында тұр.
Қазіргі таңда теңіз кемелерінің қозғалысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін түрлі инновациялық навигациялық аспаптар қолданылады. Алайда ақтаулықтар үшін «Маяк» шамшырағының орны ерекше.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады