13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызАқтау қаласында орнатылып жатқан орындықтардың арқалығы мен отырғыш бөлігіне арнайы материал — ағаш-полимер композиті (DPK, ағылшынша Decking Polymer Composite) қолданылды. Орындықтарды орнатқан компания өкілдері неліктен мұндай таңдау жасағанын түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі otpannews.kz-ке сілтеме жасап.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл материал «дэк-дэкада» деп аталады. Сондай-ақ қазіргі таңда жиі пайдаланылатын заманауи шешімдердің бірі саналады.
Неліктен дәл осы материал таңдалды?
DPK — ағаш пен пластиктің қосындысынан жасалған композит. Оның басты артықшылықтары:
– Төзімділігі жоғары: ауа райының түрлі жағдайларына, ылғалға, күн сәулесіне төтеп береді. Ұзақ жылдар бойы бұзылмай, өңін жоғалтпай тұра алады.
– Тұрақты түс: ультракүлгін сәулелердің әсерінен түсі өзгермейді.
– Қарапайым күтім: арнайы бояу немесе қаптама қажет етпейді, тазалауға оңай.
Орындықтарға не үшін шлифовка (тегістеу) жасалады?
Материалдың беті арнайы шлифовкаланған (тегістелген).
– Қауіпсіздік пен жайлылық: тегістелген бет адам отырғанда тайып кетпеу үшін және ыңғайлы отыру үшін қажет.
– Эстетикалық көрініс: DPK материалы кейде сызылып кетуі мүмкін, сондықтан сыртқы көрінісін ұқыпты ұстау үшін шлифовка жасалады.
– Орындықтарға DPK материалдары дұрыс орнатылған. Ағаш бөлшектерінің бағыттары мен бұрандалар да дұрыстап бекітілген. Керісінше емес, яғни техникалық талаптарға сай орнатылған, - деді «Алфа плюс» ЖШС өндіріс қызметкері Камал Құрбанбаев
Ақтау қаласы әкімдігінің сұранысы бойынша бұл материал таңдалып, тұрғындар мен қонақтардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолданылды.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды