Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіМаңғыстау облысының полицейлері прокуратурамен бірлесе отырып, «АҚТС» ЖШС басшылығынан ақша мен көлік бопсалады деген күдікпен бір топ адамды ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Күдіктілер кәсіподақ ұйымының жетекшілері бола тұра, белгілі бір ақпараттар таратып, жұмыс процесін тоқтатамыз деп қорқытып, 5 миллион теңге және 6 «ТоyotaHilux» автокөлігін талап еткен.
Көрсетілген сома аударылғаннан кейін қоғамдық бірлестік төрағасы мен оның көмекшісі, сондай-ақ ақшаны алуға қатысы бар делдал ұсталды. Бұл ретте делдалдың қалтасынан және көлігінен өсімдік тектес зат бар 12 қаптама тәркіленіп, сараптама тағайындалды.
Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталғандар Ақтау қалалық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаға қатысы бар басқа адамдарды ұстау шаралары жүргізілуде.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады