23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Ақтауда тұтынушылардың құқығын бұзғаны үшін ірі сауда желісіне айыппұл салынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биылғы мамырда қаладағы сауда желілерінің бірінде ет өнімдерін витринада көрсетілген баға белгісінен 20 пайызға жуық жоғары бағамен сату дерегін анықталды.
Бұл факт бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің қаулысымен заңды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Алайда заңды тұлға өкілінің шағымы бойынша Ақтау әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты уәкілетті орган қаулысының күшін жойды.Прокуратураның актісі бойынша Маңғыстау облыстық сотымен бірінші сатыдағы сот қаулысының күші жойылып, сауда желісіне 738 400 теңге айыппұл түрінде әкімшілік жауаптылыққа тартылды, - делінген хабарламада.
Сот актісі заңды күшіне енді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік