12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАқтаудағы өнеркәсіптік аймақта жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 19 жастағы келіншек пен 21 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды El.kz.
Тінту кезінде екеуінен де "мефедрон" және "жылдамдық" деп аталатын 49 орам синтетикалық есірткі заты тәркіленді.
Күдіктілердің пәтерін тінту барысында полицейлер синтетикалық есірткінің төрт пакетін тапты. Алынған заттардың жалпы салмағы 2 кг құрады.
Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 297-бабының 1-бөлігімен есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша күдіктілердің қылмысы дәлелденсе мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер