Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліАқтауда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Эко Nomad» атауымен кең ауқымды тазалық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараның басты мақсаты – қоғам арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны таза ұстау және жастардың белсенділігін көтеруг бағытталған. Іс-шара челлендж форматында ұйымдастырылды.
Игі бастама «Самұрық-Қазына» компаниясының өңірдегі жас мамандарының бастамасымен, Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен жүзеге асты.
Экологиялық ахуалды жақсартуға әр азамат үлес қосуы қажет. Біздің бастамамыз табиғатты қорғауға, жастар арасында экологиялық сананы қалыптастыруға бағытталған. Соған орай, «Жылы жағажай» демалыс аймағында өткен сенбілікке100-ге жуық жас қатысып, бірлесе еңбек етті. Нәтижесінде, 1 тоннаға жуық қоқыс шығарылды, – деді Маңғыстау облыстық «Самұрық-Қазына» жастары ұйымының төрағасы Әділет Мүтәлі.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс