28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар12-13 қазан күндері Ақтауда дзюдодан әйелдер мен ерлер арасындағы Азияның ашық кубогы өтпек. Аталған турнир Халықаралық дзюдо федерациясының спорт кестесіне енген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан дзюдо федерациясының мәліметінше, Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған турнирге Әзербайжан, Гонконг, Үндістан, Иран, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстаннан 200-ге жуық спортшы қатысады.
Халықаралық дзюдо федерациясының ережелері бойынша рейтингтік саналатын турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері бірінші орын үшін 100 ұпай, екіншіге 70 ұпай, ал үшінші орынға 50 ұпай алады.
Төменде жарыстар кестесі ұсынылған:
12 қазан
Ерлер: -60 кг, -66 кг, -73 кг
Әйелдер: -48 кг, -52 кг, -57 кг, -63 кг
10:00 - жарыстардың басталуы
16:30 - ресми ашылу рәсімі
17:00 - финалдар
13 қазан
Ерлер: -81 кг, -90 кг, -100 кг, +100 кг
Әйелдер: -70 кг, -78 кг, +78 кг
10:00 - жекпе-жектердің басталуы
17:00 - финал жекпе-жектері
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?