6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАқтауда 1 мамыр Қазақстан халқының бірілігі күніне орай мотошеру ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шараға 150-ге жуық мотоцикл жүргізушісі қатысты. Мотоцикл жүргізушілері көк байрақты желбіретіп, жарты сағат көлемінде қаланы аралады. Шара басталмас бұрын қалалық полиция басқармасының қызметкерлері мотоцикл жүргізішілеріне жолдағы қауіпсіздік шараларын түсіндірді. Мотошеру Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің және «Горгоны» қауымдастығының ұйымдастыруымен өткізілді.
Мотошеру арнайы 1 мамыр Қазақстан халықының бірілігі күніне орай ұйымдастырылды. Мотоцикл жүргізушілері «Ақбота» саябағынан бастап «Ынтымақ» алаңына дейін көк байрақты желбіретті. Баршаңызды 1 мамыр бірлік күнімен құттықтаймын. Еліміз аман болсын, - деді мотошеру ұйымдастырушыларының бірі Владислав Фисенко.
Сонымен қатар, мотоцикл жүргізшілері мен қала тұрғындары арасында арқан тартыс ұйымдастырылды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі