6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАқтаудағы №12 мектепте 17 жұп егіз бала білім алып жүр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
"Хабар 24" телеарнасы олардың 9-ы биыл 1-сыныпты аяқтайтынын мәлімдеді.
Былтыр мектепке осынша егіз келіп, мұғалімдерді таң қалдырған. Бір-бірінен аумайтын бүлдіршіндерді бастапқыда бір сыныпта оқыту ойда болған. Бірақ мұғалімдерге бәрін бірдей айыру қиын болатындықтан бірнеше сыныпқа бөлуге тура келген.
Егіздер көп осы мектепте. Әрқайсы әр сыныпта. Бес балам бар. Үлкен баламның үшінші балалары егіз. Өзіміз де таңқалдық егіз болады дегенде. Қуанғанымыздан бірімізге айтпай, жасырдық. Тіл тиіп кетеді деп қорықтық. Аллаға шүкір, міне, 1-сыныпты бітіріп жатыр, - дейді егіздердің әжесі Сәнипа Арықпанова.
Мектеп директоры Жаннат Әнесова осы мектепте 1985 жылдан бері еңбек етеді. Бүгінге дейін 30-дай егіз оқушының мектеп бітірген көрінеді.
Былтыр 1-сыныпқа 265 бала қабылданып еді. Сыныптарға бөліп жатырғанда қарасақ, 9 егіз шығып тұр екен. 12 сынып ашқасын соларды бір-бір сыныпқа бөліп отырғыздық. Ал жалпы қазіргі таңда оқып жатқан 17 егізіміз бар. Олар 3, 4, 5 және 8, 9-сыныпта. 9-сыныпты егіз қыз бен бала бітіріп жатыр", - дейді мектеп директоры.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі