23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Ақтау қаласындағы 23-ші шағынауданда орналасқан базар отқа оранып, ондағы 6 дүкен жанып кетті, деп хабарлайды El.kz.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 11 қарашада сағат 22:46-да өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары диспетчерлік қызметіне 23-ші шағынауданда орналасқан «РУСАЗ» базарының өртенгені туралы хабарлама түскен.
"Қазіргі таңда «Балалар әлемі» дүкені, «1000 ұсақ-түйек» кеңсе тауарлары дүкені, сондай-ақ азық-түлік және дәмдеуіштер сататын бутиктер өртенгені анықталды", - деп мәлім етті Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Өрт сағат 23:23-те сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге 6 техника және 30 жеке құрам жұмылдырылған. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органнан 16 техника мен 81 қызметкер тартылған.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік