7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Ақтауда наурыз айында өңірдегі ірі сауда желілеріндегі әлеуметтік маңызы бар бірнеше тағамның бағасына мониторинг жүргізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Otpannews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыс орталығындағы 11 шағынаудандағы «Дана», 12 шағынаудандағы «Анвар», 26 шағынаудандағы «Altyn Food» сауда желілері сынды үш сауда желісіндегі көкөніс өнімдерінің бағасы деңгейі белгілі болды. Оның ішінде тұрғындар жиі тұтынатын қырыққабат, картоп, пияз және сәбіз бағалары салыстырылып отыр.
Сауда желілерінде көкөніс бағалары айтарлықтай айырмашылыққа ие. Ең арзан көкөністер «Дана» желісінде:
– Қырыққабат – 160 теңге («Анварда» екі есе қымбат – 331 тг);
– Картоп – 175 теңге («Анварда» 330-396 тг, «Altyn Food-та» 374 тг);
– Пияз – 100 теңге («Анварда» – 187 тг, «Altyn Food-та» – 209 тг);
– Сәбіз – 154 теңге («Дана» мен «Altyn Food-та» бірдей, «Анварда» – 220 тг).
Ең қымбат баға «Анвар» желісінде. Барлық өнімдердің бағасы басқа сауда желілерімен салыстырғанда жоғары. Ал «Altyn Food» орташа баға ұсынады, алайда кейбір көкөністер (пияз, картоп) қымбатырақ.
Ал қаңтар айында жүргізген зерттеуімізде «Анвар» желісінде қырыққабат бағасы 264 теңге, картоп - 176 тг, пияз - 165 тг, сәбіз - 176 тг болған еді. Яғни 1 айдың ішінде қырыққабат бағасы 67 теңгеге, картоп - 154-220 тг, пияз - 22 тг, сәбіз - 44 тг қымбаттаған.
Қорыта айтқанда, жүргізілген мониторинг нәтижесінде Ақтаудағы сауда желілеріндегі көкөніс бағаларында едәуір айырмашылық бар екені анықталды.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?