Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр15 шілдеде сағат 19:30 шамасында облыстық балалар ауруханасына зардап шеккен бала көмекке жүгінген. Полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, аталған факт расталды. 14 шілдеде 17 ықшам ауданда №54 үйдің жанында орналасқан футбол алаңында әйел адам басқа біреудің баласын ұрып-соққан. Осы факт бойынша 64 жастағы әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, ол шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданатын болады, - деп жазылған Маңғыстау облыстық ПД таратқан ақпаратта.