Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыӘуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасына келген 190-нан астам сарбаз салтанатты жағдайда әскери ант қабылдады, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Қызылорда, Батыс Қазақстан, Атырау, Түркістан, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарынан шақырылған жас сарбаздар бір ай ішінде алғашқы әскери дайындықтан өтіп, жалпыәскери жарғыларды, саптық және атыс даярлығының негіздерін меңгерді. Олар командирлерінің, Қарулы күштер ардагерлерінің, сарбаз аналары комитеті өкілдерінің, туған-туыстары мен жақындарының алдында ант беріп, Отанды қорғауға әрдайым дайын әрі антқа адал болуға серт берді.
Салтанатты рәсім бөлімше Жауынгерлік туының шығарылуымен және Мемлекеттік әнұранның орындалуымен басталды.
Сіздер үлкен ынтамен жаттығып, әскери істің негіздерін меңгердіңіздер. Бүгін мыңдаған адамның алдында ержүрек әрі батыл болуға, қызметтің қиындығына төтеп беруге, нағыз Отан қорғаушы болуға серт бердіңіздер. Сіздерге мықты денсаулық пен сәтті қызмет тілеймін, — деді әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасының командирі полковник Марат Құдабаев.
Сарбаздарға жылы лебізін ата-аналар да білдірді. Отбасылар атынан сөз сөйлеген Олеся Полоз сарбаздарға төзімділік, батылдық пен рухани күш тіледі.
Қымбатты балалар, сіздер — отбасыларыңыздың мақтанышысыздар. Қызметті абыроймен атқарып, әрдайым көтеріңкі көңіл-күй мен үміттеріңізді жоғалтпауларыңызды тілейміз. Біз сіздерге сенеміз!,-деді ол.
Ресми бөлім аяқталған соң жас жауынгерлер өздерінің машықтарын көрсетті. Олар қол күресі элементтерін, саптық жүріс пен қарумен жұмыс істеу тәсілдерін паш етті. Сарбаздардың өнері ата-аналарға нағыз тосынсый болды. Олар ұлдарының дайындығының жоғары деңгейіне куә болды.
Сарбаздар Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарындағы бөлімдерге, сондай-ақ Бейнеу кентіне, Жаңаөзен және Форт-Шевченко қалаларына бөлінетін болады.
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды