Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМаңғыстау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақтау қаласының ЖЭО-2 аумағындағы өнеркәсіптік аймақта Алматы облысының 22 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жiгіт туристік аймаққа “жылдамдық” синтетикалық препаратын аса ірі мөлшерде сату мақсатында келген. Қаскөй жалдамалы пәтерде тұрған. Жеке тінту жүргізу барысында ұсталған адамнан ішінде “альфа-PvP” (“жылдамдық”) синтетикалық есірткі заты бар бір үлкен қара орама тәркіленді.
Жалпы салмағы 788 грамм болып шықты. Ұсталған жігіттің айтуынша, ол курьер ретінде екі айға жуық жұмыс істеген, ал Ақтауға ірі партиялармен синтетикалық есірткі сату үшін келген. Синтетикалық есірткіні ол Telegram мессенджеріндегі sms арқылы куратордың нұсқауы арқылы алған, - делінген мәліметте.
ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі “Есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алу және сақтау” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Ақтау қаласының соты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қабылдады. Қылмыстық іс бойынша одан әрі жедел іс-шаралар мен тергеу әрекеттері жүргізілетін болады.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?