23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Ақтауда республикалық «Абайтану» олимпиадасының облыстық кезеңі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі otpannews.kz-ке сілтеме жасап.
Олимпиадаға қалалық деңгейден жеңіске жеткен 9-11 сынып оқушылары қатысты. Ұлы ақынның бай мұрасын жас ұрпақтың санасына терең әрі жан-жақты сіңіруге бағытталған дәстүрлі олимпиаданың мақсаты – М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын толық меңгеру арқылы кемеңгердің ақындық болмысына үңілу, Абайдың шығармашылығы мен өнегелі өмірінен ғибрат алып, өмірде қолдану, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту болып отыр.
Алғашқы кезеңде қатысушылар ақынның қарасөздері мен поэзиясы негізінде дайындалған тақырыптардың біріне эссе жазды, ал екінші кезеңде Абай шығармалары негізінде арнайы тапсырмалар орындады.
Олимпиадаға 30-дан астам қатысушы қатысып, жеңімпаздар Маңғыстау облыстық білім басқармасының І орын – 4, ІІ орын – 4, ІІІ орын – 5 оқушы дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік