Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліАқтаудағы банктердің бірінің ғимаратында инкассатор 10 миллион теңге ұрлап, артынша өзіне қол салған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 14-шағынауданда Halyk bank ғимаратында болған. 10 миллионды ұрлағаннан кейін ер адам ғимараттың жертөлесіне қамалып, қызметтік қарумен басынан оқ атқан.
Жедел-тергеу тобы, дәрігерлер мен Арнайы жедел әрекет ету жасағы қызметкерлері жертөлеге кіретін есікті қоршап алған. Марқұм 43 жаста еді. Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растады.
Қазір "Ұрлық және өзін-өзі өлтіруге итермелеу" дерегі бойынша Ақтау қалалық ІІБ қылмыстық іс қозғады, – деп хабарлады департамент.
“Halyk Инкассация" жағдайға қатысты пікір білдірді.
"Halyk Инкассация" ЖШС өкілдері Ақтауда инкассатордың өзіне қол жұмсауы туралы ақпаратты қалалық полиция басқармасы растағанын хабарлайды. Қазір қайғылы оқиға болған "Halyk Инкассацияда" жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты компания тергеу аяқталғанға дейін істің мән-жайына қатысты пікір білдіру мен оны жария етуден бас тартады, – деп мәлімдеді “Halyk Инкассация"-ның баспасөз қызметі.
Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліБүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс