28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарӘлеуметтік желілерде Ақтауда 87 млн теңгеге 5 әжетхана салынып жатқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің мәліметінше, мониторинг барысында Ақтау қаласының әкімдігі қалалық жағалауда 5 қоғамдық әжетхана орнатқаны белгілі болды. Бірақ тұрғындар оны пайдалана алмауда.
Ведомство мемлекеттік сатып алуды зерделеп, модульдік әжетханаларды орнату бойынша орындалған жұмыстар актілеріне қол қою рәсімдеріндегі сәйкессіздіктерді анықтады.
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі жұмыстардың нақты орындалмағанына қарамастан, шартқа қол қойылғаннан кейін 2 күн өткен соң жеткізушіге 87 млн теңге көлемінде толық соманы аударған.
Бұл факт құзырлы органның ақпаратты есепке алу кітабына тіркелді және тиісті тексеру жүргізу үшін ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жіберілді. Аудиторлық тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтар расталған жағдайда, заңда белгіленген тәртіппен шаралар қабылданатын болады, – делінген хабарламада.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?