23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіӨмірзақ ауылына қарасты «Ақ желкен» тұрғын үй массивінде заңсыз тасталған 19 тоннаға жуық қоқыс шығарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл жұмыстарға 10 қызметкер мен 13 арнайы техника жұмылдырылды. Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі заңсыз қоқыс тастаған азаматтарға әкімшілік шара қарастырылғандығын ескертеді. Заң бұзушылық анықталған жағдайда ҚР Әкімшілік және құқық бұзушылық кодексінің 505-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылады.
- Өмірзақ ауылына қарасты «Ақ желкен» тұрғын үй массивінде заңсыз тасталған қоқыстар тазартылды. Шара барысында 19 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Алдағы уақытта қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі «Кіші Оймаша» көлі, 29А шағынаудандағы зират, 25 шағынаудан көк базардың маңын қоқыстан тазалау жұмыстарын жүргізеді. Тұрғындардан үлкен қоқыстарды қаладан 25 шақырым жерде орналасқан полигонға шығаруды сұраймыз, - деді Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Айдар Бисенов.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады