22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАтырау — Ақтау бағыты бойынша KC7277 рейсі 2024 жылғы 2 қарашада сағат 06:40-та ұшуы жоспарланған болатын. Алайда әуекомпания Ақтау қаласындағы ауа-райына байланысты рейсті кейінге шегеруге мәжбүр болды. Бұл туралы FlyArystan әуекомпаниясынан мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әуекомпания өкілдеріне жүгінген жолаушыларға сусындар, ыстық тамақ және қонақ үйге орналастыру ұсынылды. Барлық жолаушылар билет құнын толық қайтару немесе тегін қайта брондау мүмкіндігіне ие болды. Ақтау — Ыстамбұл тоғысу рейсін жіберіп алған жолаушылар да толық қайтарым немесе тегін қайта брондауды рәсімдей алады.
Рейстің ұшуы 2 қарашада сағат 21:50-де орындалды. Ақтау қаласындағы ауа-райына байланысты (атап айтқанда, қатты тұман және тиісінше көріну деңгейі ең төменгі деңгейден төмен болуына) ұшақтың қонуы мүмкін болмады. Атырау қаласына оралу туралы шешім қабылданды.
Екінші ұшу 2024 жылғы 3 қарашада сағат 06:50-де орындалды, бірақ Ақтау қаласындағы ауа-райының қолайсыздығына байланысты ұшақ Атырауға қайта оралды.
Кідірістер кезінде жолаушыларға сусындар мен ыстық тамақ, сондай-ақ сұраныс бойынша қонақ үйге орналастыру және тұрғын үй жалдау құнын өтеуге кепілдік хаттар берілді.
Қазіргі уақытта рейстің жоспарланған ұшу уақыты — 17:30.
Жолаушылардан қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және ауа-райы жағдайлары рейстердің кешігуінің басқарылмайтын себептеріне жататынын еске саламыз. Қауіпсіздік — FlyArystan әуекомпаниясының басты құндылығы.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев