12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚазақстан Әскери-теңіз күштерінде жаңа оқу кезеңінің басталуымен жауынгерлік әзірлікті ауқымды тексеру жүріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мың жарымға жуық әскери қызметші, оның ішінде теңіз жаяу әскерлері мен басқа да бөлімшелер дабыл арқылы көтеріліп, жауынгерлік дайындықтың жоғары дәрежесіне көтерілді.
Кемелердің орналасқан жерінде жауынгерлік дайындықтың әртүрлі аспектілері, оның ішінде диверсияға қарсы іс-шаралар мен тактикалық операциялар тексерілді. Кеме экипаждары Каспий теңізіне шығып, нақты ұрыс жағдайына жақын тиімді әрекет ете білу қабілетін көрсетті. Теңіз жаяу әскерлері десанттық-шабуылдау батальонының әскери қызметшілері де дайындықтың жоғары нәтижелерімен ерекшеленді.
Өткізілетін іс-шаралар – армия бөлімшелері үшін жауынгерлік даярлықтың ажырамас бөлігі. Қажет болған жағдайда әрбір әскери қызметшінің сауатты және тиімді, ал бөлімшелердің жедел әрі үйлесімді әрекет етуі үшін тұрақты жаттығулар мен тексерулер қажет, - деп түсіндірді әскери-теңіз базасының командирі 2-дәрежелі капитан Бауыржан Мұратұлы.
Әскери-теңіз күштері бөлімшелерінің күштері мен құралдарын тексеру сценарийлердің кең спектрінен қамтиды. Ол жеке құрамның төтенше жағдайларда әрекет ету дағдылары мен машығын жетілдіруге бағытталған.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер