Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАқтау қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Тимур Садвакасовқа іздеу жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іздеу туралы ақпарат Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары порталының сайтында жарияланды. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Тимур Садвакасовты пара беруге итермелеу және алаяқтық жасады деген күдікпен іздестіріп жатыр. Бұл қылмыстық іс заңсыз пайдалы қазбалар өндіруге байланысты қозғалған.
Еске сала кетейік, 2024 жылдың желтоқсанында сот осы іс бойынша барлық айыпталушыларды, оның ішінде Садвакасовты да ақтаған болатын. Алайда кейін прокуратура апелляцияға өтініш берді. Нәтижесінде қылмыстық іс қайта қаралып, ақталған тұлғаларға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Тимур Садвакасов 2019 жылдың ақпан айынан бастап Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары