6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАқтауда магистралдық құбырдан ақау шығып, шағын ауданда жылу беру уақытша шектелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық әкімдік мәліметінше, ақауды мамандар жөндеуде.
«Каспий жылу, су арнасы» МКК хабарлағандай, бірнеше шағын аудандарды жылумен қамтитын магистральдық жылу құбырында апаттық жағдай болып, жылу беру уақытша шектелген болатын. Қала әкімі апат болған жерге барып, жағдайды бақылауда ұстайтынын жеткізді.
Жоғары шағын аудандарды жылумен қамтитын магистралдық 800-дік құбырда ақау шықты. Коммуналдық қызметтер осында келіп, жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жағдай менің бақылауымда, - деді қала әкімі Ұлықбек Тналиев.
Қала әкімі видеода ақау кеткен жерді көрсетіп, уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұрады. Коммуналдық мамандар ақауды кешке дейін жөндеп, қалыпқа келтіруді жоспарлап отыр.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі