Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАқсу өзенінен табылған әйелдің өлімі туралы тың деректер ашылды, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
10 қазанда Төлеби ауданының полиция бөліміне Ақсу өзенінде мәйіттің табылғаны туралы хабарлама келіп түскен болатын. Оқиға орнына бірден полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шықты.
Полицейлер қаза тапқан адамның жеке басын анықтады, ол Төлеби ауданының тұрғыны болып шықты. Сондай-ақ Шымкент қаласы ПД Еңбекші АПБ-ға әпкесінің хабар-ошарсыз кету дерегі бойынша туыстары арызданғаны белгілі болды. Аталған жайт бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігімен (Адам өлтіру) қылмыстық іс тіркелді және сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер осы қылмысты жасады деген күдікпен жәбірленушінің көршісі болған Төлеби ауданының тұрғынын ұстады. Белгілі болғандай, ақшалай қарыз қылмысқа себеп болған. Қарызды қайтармау үшін күдікті көршісінен құтылуға шешім қабылдап, алдау арқылы жәбірленушіні Ақсу өзеніне апарып, жартастан итеріп жіберген. Алған жарақаттарынан әйел қылмыс орнында қайтыс болған.
Қазіргі уақытта күдікті өз кінәсін толық мойындап, бұл әрекетіне өкінетінін жеткізді. Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Бүгінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі