2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрТүркістан облысында полиция 80-нен астам тұрғынды алдап, 337 миллион теңге шығын келтірген күдіктіні ұстады. Бұл туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Түркістан облысы ПД криминалдық полиция басқармасының «Киберпол» арнайы тобының қызметкерлері облыс аумағында интернет алаяқтық қылмыстарына қатысы бар 34 жастағы ер адамды ұстады. Аталмыш күдікті жәбірленушілерге ақша қаражаттарыңызды көбейтіп беремін деп сенімдеріне кіріп, онлайн-несие рәсімдеген.
Алаяқтық жолмен тапқан қаражатты жеке басының пайдасына жаратқан. Тексеру кезінде күдіктінің жалпы 87 жайтқа қатыстылығы дәлелденді. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 337 миллион теңгеден асты. Күдікті қамауға алынды, - делінген мәліметте.
Сонымен қатар интернет алаяқтық қылмыстарына қатысы бар 22 жастағы жас жігіт анықталды. Оны облыс полицейлері Алматы қаласынан ұстады. Күдікті әлеуметтік желіде жиһаз құрастыру бойынша жалған парақшалар ашып, жәбірленушілердің тапсырысын қабылдап, ақшаларын иемденіп отырғаны белгілі болды.
Күдіктінің Түркістан облысы көлемінде 4 қылмыстық іске, ал республика бойынша 18 іске қатыстылығы анықталып отыр. Тергеу жалғасуда, - деп нақтылады полиция өкілдері.
Айта кетсек, бұл қылмыстар «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасының бірінші тәулігінде анықталды.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова