Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіАҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байденге қуықасты безінің қатерлі әрі агрессивті түрі диагнозы қойылды. Бұл туралы 18 мамырда таралған ресми мәлімдемеде хабарланды. Ақпаратты бірқатар америкалық БАҚ таратты, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.
АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байденге қуықасты безінің агрессивті қатерлі ісігі диагнозы өткен аптада қойылған. Байден несеп шығарудағы қиындықтарға байланысты дәрігерге қаралғаннан кейін тексеруден өткен.
Өткен аптада президент Джо Байден қуықасты безінде түйін байқалған соң медициналық тексерістен өтті. Жұма күні дәрігерлер оған қуықасты безінің қатерлі ісігін диагноз ретінде растады. Ауру Глисон шкаласы бойынша 9 баллмен (5-топ) бағаланып, сүйекке метастаз бергені анықталды. Аурудың түрі агрессивті болғанымен, ол гормондарға сезімтал, сондықтан оны тиімді емдеуге мүмкіндік бар, - делінген ресми мәлімдемеде.
Қазіргі уақытта Байден мен оның отбасы дәрігерлермен бірлесе отырып, емдеу жолдарын мұқият зерттеп жатыр.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік