Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАҚШ-тың Денвер қаласындағы халықаралық әуежайда бортында 179 жолаушысы бар ұшақ өртеніп кетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Майами қаласына бет алған лайнер шассидегі ақауға байланысты ұшуын тоқтатуға мәжбүр болған. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына дәл осы техникалық ақау себеп болған.
Оқиға салдарынан кем дегенде бір адам жарақат алған. Жолаушылар салоннан шұғыл жағдайда арнайы сырғымалы траптар арқылы эвакуацияланды.
Оқиғаға байланысты әуежайда шамамен 100 рейс кешіктірілді. Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себебі анықталып жатыр. Тергеумен АҚШ-тың Федералды азаматтық авиация басқармасы айналысуда.
Айта кетейік, бұған дейін де АҚШ-та ұшақ бортында өрт шыққан жағдайлар тіркелген.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?