12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАҚШ-тың орталық бөлігін жайпап өткен торнадо салдарынан 27 адам қайтыс болды. Билік өкілдері құрбандар саны әлі де артуы мүмкін екенін ескертуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кентукки штатында 25 адамның қаза болғаны ресми түрде расталды. Апат кезінде өңірде бірнеше ғимарат қирап, тас жолда көлік аударылып кеткен. Жергілікті билік ауыр жарақат алғандар туралы көптеген хабарлама келіп түскенін мәлімдеді.
Бүгін түнде бұл жерде адамдардың тағдыры мәңгілікке өзгерді. Біз қазір осы қауымдастық үшін бірге жиналып, дұға етудеміз. Мен өмірімде мұндай жойқын апатты көзбен көріп көрмеп едім, – деді Кентукки штатының Лондон қаласының мэрі Рэндалл Уэндл.
Көршілес Миссури штатында да бірнеше адам қаза тапқан. Торнадо Висконсин штатына да әсер еткені хабарланды.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер