7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Сакраменто дельтасында орналасқан тарихи Ryde қонақүйінде көптен бері осы курорттың ажырамас бөлігіне айналған ондаған тауыс аяқ астынан жоғалып кетті. Бұл туралы AP News агенттігіне сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Қызметкерлердің айтуынша, бұл құстарды әдейі ұрлап кеткен болуы мүмкін.
Қонақтардың бірі екі ер адамның тауысты торға салып, пикап көлігіне тиеп жатқанын көргенін айтқан. Осыдан соң қонақүй басшылығы тексеріс жүргізіп, нәтижесінде құстардың төртеуі ғана қалғаны анықталды.
Біз есеңгіреп қалдық. Бұл тауыстар жай ғана сән үшін тұрған жоқ, олар отбасымыздың мүшесі секілді еді, – деді қонақүйдің бас менеджері Дэвид Нильсен.
Сакраменто округінің полициясы бұл істі мүлік ұрлығы ретінде тергеп жатыр. Шерифтің айтуынша, тауыс еркектерінің әрқайсысы 2 000 долларға, ал ұрғашылары 1 000 долларға бағаланады. Қонақүй иелері алғашқы бес құсты 14 жыл бұрын сатып алған, кейін олардың саны артқан.
Оқиғадан кейін қонақүй қауіпсіздік шараларын күшейтті: қосымша бейнебақылау камералары орнатылып, жаңа қоршаулар орнату жоспары жасалды.
Біз құстарымыз табылып, үйлеріне оралады деп үміттенеміз. Олар біз үшін өте қымбат, – деді Нильсен.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?