2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрҚазақстан Сыртқы істер министрлігі АҚШ-та палестиналық протесттерге қатысқан студенттердің визаларының жойылуы туралы ресми растама алмағанын мәлімдеді. Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Сенат брифингінде бұл ақпаратты тек ашық дереккөздер мен бұқаралық ақпарат құралдарынан көргенін айтты, деп хабарлайды ElEl.kz ақпарат агенттігі.
Бұл мәселе маңызды. Біз Вашингтондағы елшілігімізбен байланыстамыз, бірақ олардан мұндай ақпарат алмадық. Біз де бұл ақпаратты барлығы секілді ашық дереккөздерден, БАҚ-тан оқыдық. Білуімізше, кейбір студенттердің, әсіресе палестиналық қозғалыстарға қатысқандардың визалары жойылып, депортациялануда. Бірақ қазіргі таңда бұл мәселе қайта қаралып, реттелуде, - деді Ақан Рахметуллин.
Ол сондай-ақ АҚШ-та кейде жылдам қабылданған шешімдерге артынан өзгертулер енгізілетінін атап өтті.
Қандай да бір шешімдер өте жылдам қабылданады. Сосын нәтижесінің салдарын көргенде, қайтадан қаралып, басқа шаралар қабылданады, - деді вице-министр.
Ақан Рахметуллин студенттерге алаңдамауға кеңес берді.
Білім беру жүйесі барлық жерде бірдей. Студенттер өз оқу орындарындағы ректораттарға, деканаттарға және халықаралық студенттермен жұмыс істейтін бөлімдерге хабарласып, әрі қарай оқуын жалғастыруы тиіс. Егер олар заңды түрде оқуына түссе және студенттік визалары бар болса, алаңдауға негіз жоқ, - дейді сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары.
Айта кетейік, биылғы ақпанда АҚШ президенті Дональд Трамп антисемитизмге қарсы күрес туралы жарлыққа қол қойып, палестиналық протесттерге қатысқан шетелдік азаматтардың студенттік визаларын жоюды уәде еткен еді.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова