Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАҚШ-тың Флорида штатындағы Палм-Кост қаласының тұрғыны жарты жыл бойы жалған құжаттармен ауруханада жұмыс істеп, өзін дипломы бар медбике ретінде таныстырған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Осы уақыт ішінде ол 4000-нан астам науқасқа медициналық көмек көрсеткен. Алаяқтық дерегі оған қызметінде жоғарылату ұсынылған кезде, лицензиясын тексеру барысында әшкере болған. Әйел 5 тамыз күні тұтқындалды.
Флаглер округінің шерифі Рик Стейли бұл жағдайға қатысты пікір білдіріп, оқиға туралы айтып берді.
Бұл әйел өзін басқа адам ретінде көрсетіп, пациенттердің, олардың туыстарының, AdventHealth медицина мекемесінің және бүкіл денсаулық сақтау жүйесінің сенімін аяққа таптап, мыңдаған адамның өміріне қауіп төндірді, - деп мәлімдеді.
Оның айтуынша, бұл – медициналық алаяқтық бойынша тергелген ең алаңдатарлық істердің бірі болып отыр.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар