12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАҚШ-тың мұғалімдер одақтары мен Өзге нәсілдердің прогресіне жәрдемдесу ұлттық қауымдастығы (NAACP) АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігін сотқа берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
The New York Times басылымының жазуынша, сотқа жүгінуге биліктің АҚШ-тың Білім министрлігін жабу туралы шешімі себеп болған.
Трамп әкімшілігі бұл өмірлік маңызды агенттікті жабу ниетін бірнеше рет мәлімдеген, соңғы рет 2025 жылғы 20 наурыздағы жарлықта атап көрсетілді, – делінген сотқа ұсынылған шағымда.
Басылымның мәліметінше, екі арыз түскен: бірін Ұлттық білім беру қауымдастығы (NEA) мен NAACP Мэриленд штатының сотына берсе, екіншісін Америкалық мұғалімдер федерациясы (AFT) Массачусетс федералды сотына тапсырған.
Наурыз айының өзінде Білім министрлігінен 1,3 мыңнан астам қызметкер жұмыстан босатылғаны атап өтілді. Сонымен қатар шағым авторлары мұғалімдерді даярлау мен зерттеу жұмыстарын қаржыландыруға арналған 1,5 миллиард доллардан астам сомаға келісімшарттар мен гранттардың жойылғанын мәлімдеді.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер