29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАҚШ-тың Миннесота штатына қарасты Миннеаполис қаласында орналасқан Annunciation атты католик мектебінде болған атыс салдарынан үш адам, соның ішінде атыс ашқан күдікті де қаза тапты. Шамамен 20 адам жарақат алған. Бұл туралы Reuters хабарлады, деп жазады El.kz интернет порталы.
Қалалық билік өкілдері күдіктінің «залалсыздандырылғанын» және «халыққа ешқандай қауіп төніп тұрмағанын» мәлімдеді. Дереккөздердің айтуынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін.
АҚШ президенті Дональд Трамп Миннесота штатында болған атыс туралы хабардар екенін айтты.
Миннесота штатының Миннеаполис қаласында болған қасіретті атыс жөнінде толық ақпарат алдым, – деп жазды ол Truth Social желісінде. – ФБР жедел әрекет етіп, оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Ақ үй бұл қорқынышты жағдайдың барысын қадағалайды, – деп қосты АҚШ басшысы.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек