Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАҚШ-та көз жұмған қазақстандық велосипедші Дінмұхамед Ұлысбаевтың денесін елге жеткізуге ақша жинап жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
24 жастағы спортшы Лос-Анджелесте қайтыс болды.
Дінмұхамедті Қазақстанға апарып жерлеу үшін 15 мың доллар қажет, - делінген әлеуметтік желіде жарияланған хабарламада.
Велосипедшінің өлімі туралы 17 мамырда Қазақстан велоспорт федерация мәлім етті. Спортшының жүрегі тоқтап қалған.
Өмірінің соңғы жылдары велошабандоз жұмысқа шақырту алған АҚШ-та өткізген. Ол америкалық велокомандалардың біріне мүше болуды жоспарлапты.
Спорттағы мәнсабында Дінмұхамед Ұлысбаев Азия чемпионатында жеңіске жетіп, Әлем кубогын иеленген. Сондай-ақ Қазақстан чемпионатының медалін бірнеше мәрте таққан.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек