18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?2008 жылғы қаржы дағдарысынан бері алғаш рет Ford, General Motors және Stellantis компанияларының бас директорлары бір үстел басында бас қосқалы отыр. Union-Bulletin таратқан мәліметке сүйенсек, 2026 жылдың 14 қаңтарында АҚШ Конгресінде автоөнеркәсіптегі жағдай, соның ішінде баға қалыптастыру тетіктеріне арналған тыңдау өтеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Cox Automotive сарапшыларының дерегінше, қыркүйек айында АҚШ-та жаңа көліктің орташа бағасы 50 мың доллардан асып кеткен. Ал он жыл бұрын бұл көрсеткіш 30 мың доллар шамасында болған. Сенатор Тед Круз бұған «үкіметтің күшейген техталаптары мен тым қатаң экологиялық нормалары» себеп деп есептейді. Дәл осы сенатор тыңдауды жүргізеді.
Сарапшылар бағаның өсуіне мемлекеттік реттеуден бөлек, инфляция, автоконцерндердің қымбат комплектация таңдауы және электромобиль өндірісінің қарқын алуы да әсер етіп отырғанын айтады.
Отырыс барысында автоөнеркәсіпті электрлендіру мәселесі де кеңінен талқыланбақ. Бұл — саясаткерлер мен автогиганттар арасында талай жылдан бері пікірталас тудырып келе жатқан күрделі тақырып. Осыған байланысты Tesla компаниясының көлік құрастыру жөніндегі жетекші инженері Ларс Морави да қатысады. Тыңдауда билік өкілдері салық, кедендік тарифтер жөнінде түсінік беріп, ірі автокомпанияларға алдағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағытын жеткізеді.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр