12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАҚШ-та Нью-Джерси штатында тұратын 47 жастағы ұшқыш етке аллергиядан көз жұмды. Бұл тарихтағы осындай алғашқы жағдай. Бұл туралы Journal of Allergy and Clinical Immunology: In Practice (JACI) медициналық басылымына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Мамандардың айтуынша, гамбургер жеген соң араға төрт сағат салып ер адамның жағдайы кенет нашарлаған. Оқиға 2024 жылдың қыркүйегінде болған. Тәжірибелі дәрігерлер мен сот-медициналық сарапшылардың өзі оның өлімінің нақты себебін ұзақ уақыт бойы анықтай алмаған.
Кейін қайғылы жағдайдың алдында оны кене шағып алғаны анықталды. Кене шаққан кезде қандағы ерекше антиденелер оның ағзасында етке ауыр аллергиялық реакция – альфа-гал синдромын (АГС) тудырған.
Біз ет қолданғаннан кейін альфа-гал синдромынан болған алғашқы расталған өлім жағдайын тіркедік, – делінген зерттеу материалында.
Зерттеуде атап өтілгендей, бұл қауіпті ауруды тарататын * Lone Star* деп аталатын жұлдызшалы кенелер АҚШ-та бұрыннан бар. Олар негізінен елдің солтүстік-шығысында, оңтүстігінде және Орта Батысында жиі кездеседі.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер