Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыLincoln Electric компаниясы электромобильдерге арналған портативті қуаттау құрылғысын ұсынды. Бұл туралы Jalopnik-ке сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Velion 50kW DC Fast Charger деп аталатын бұл құрылғы электрокөліктің аккумуляторын төтенше жағдайда қуаттауға мүмкіндік береді.
Кейде ауа райының қолайсыздығы немесе жүргізушінің ұқыпсыздығы салдарынан электромобильдің қуаты аяқ астынан таусылып қалуы мүмкін. Мұндай сәтте ең жақын қуаттау бекетіне дейін бірнеше шақырым болуы ықтимал. Осындай жағдайларға арналған шешім ретінде Velion 50kW DC Fast Charger жасалған.
Құрылғы тұрақты тоқ арқылы жылдам қуаттауды үш түрлі деңгейде – 12,5, 25 және 50 кВт қуатпен қолдайды.
Дегенмен оның көлеміне қатысты мәселе бар, себебі ол үлкен чемодан шамалас, сондықтан «портативті» деген атау шартты ғана. Багаждың үштен бір бөлігін алатын құрылғыны үнемі өзіңмен бірге алып жүрудің өз қиындықтары бар.
Екіншісі – бағасы. Өндірушінің сайтында екі нұсқасы 21-22 мың доллар (шамамен 11,4-11,9 млн теңге) тұрады. Бұл – жаңа орта деңгейлі автокөліктің құнына тең.
Дегенмен мұндай құрылғы бизнес үшін тиімді болуы мүмкін. Мысалы, жолда көмек көрсететін компаниялар оны пайдалана алады. Электромобильдердің көбеюіне қарай жедел қуаттау қызметіне сұраныс артуы әбден ықтимал. Сондай-ақ мейрамханалар мен дәмханалар стационарлық станция орнатудың орнына осындай «пауэрбанк» сатып алса, шығыны мен әуресі аз болмақ.
Қысқасы, Velion 50kW DC Fast Charger-дің қолдану аясы ойлағаннан әлдеқайда кең.
Қазір көпшілік бұл құрылғыны жеке пайдалану үшін сатып алу тиімсіз деп санайды. Алайда технологиялар тез дамып келеді. Егер Velion DC Fast Charger-дің көлемін қысқартып, құнын арзандатса, сұраныс артуы әбден мүмкін.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары