12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікӘлеуметтік желі қолданушылары АҚШ-та жұмбақ жағдайда өлтірілген қырғызстандық отбасының денелерін елге жеткізу үшін қаражат жинады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
АҚШ-та Бермет Анварбекова мен Азамат Доронбековті, сондай-ақ олардың бес жасар ұлын біреулер өлтіріп кеткен.
Марқұмдардың денелерін туған еліне жеткізу үшін отандастары 40 мың доллардан астам қаражат жинаған.
Белгілі болғандай, Бермет Анварбекова мен Азамат Доронбеков АҚШ-қа 2012 жылы қоныс аударған.
Ешбір қиындыққа қарамастан, бұл отбасы күндіз-түні тынымсыз еңбек етті, сол арқылы трак жүргізушілері қоғамдастығының бір бөлшегіне айнала білді. 2019 жылы жұптың көптен күткен сәбиі дүниеге келді. Ол «ерекше» бала еді. Бірақ ата-анасы сынаққа мойымай, бүлдіршінге бар махаббатын берді, - деп жазды қорды ұйымдастырушылар.
Ерлі-зайыптылардың өздері де Қырғызстаннан келген отандастарына көмектесу үшін қайырымдылықпен айналысқан екен.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер