12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАҚШ-та әйел медициналық мекемеден ұрланған адам денесінің бөліктерін сатқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
National Public Radio хабарлауынша, 36 жастағы Кэндейс Чапман Скотт медициналық қалдықтарды кремациялау қызметтерін ұсынатын компанияда жұмыс істеген.
Әйел қосымша табыс табуды көздеп, адамның дене мүшелерін үйіне алып кетіп отырған. Осындай бөліктер салынған 20-дан астам қорапты ол әлеуметтік желілер арқылы сатқан.
Сатып алушылардың бірі бальзамдалған ми үшін 1,2 мың доллар төлеген. Сонымен қатар ол құлақ, қол, өкпе, бауыр, бүйрек, сүт бездері, тері, бас сүйек және адамның басын да сатып алған.
Осылайша «саудагер» 9 айда ол 11 мың доллар табыс тапқан.
Полиция әйелді де, сатып алушыны да ұстады.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер