6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАҚШ-та Техас штатынан Миссури штатына дейін созылған ұзындығы 829 шақырым болатын найзағай разряды жаңа әлемдік рекорд ретінде тіркелді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Анадолының жазуынша, бұл туралы Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (WMO) мәлімдеген. Ұйымның дерегінше, 2017 жылдың қазан айында АҚШ-та болған күшті дауыл кезінде тіркелген бұл найзағай бұған дейінгі есептерге енбей қалған. Деректерді қайта талдау нәтижесінде әлемде бұрын-соңды тіркелмеген ең ұзын найзағай екені анықталып отыр.
Найзағай Техас штатының шығыс бөлігінен Миссури штатындағы Канзас-Сити қаласына дейін жеткен. Бұл арақашықтық Париж бен Венеция арасындағы жолмен бірдей екені атап өтілген.
Осыған дейінгі рекорд 2020 жылдың сәуірінде тіркелген болатын. Ол кезде найзағайдың ұзындығы 768 шақырымды құраған еді. Жаңа көрсеткіш алдыңғыдан 61 км-ге ұзын.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі